Тоқаев суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Суперпрезиденттік басқару формасынан парламенті күшті президенттік республикаға көшеміз» деді.

1796565
Тоқаев суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның басқару жүйесі суперпрезиденттік республикадан күшті парламенті бар президенттік республикаға өтетінін мәлімдеді.

Парламент Жалпы Кеңесінде халыққа үн қатқан Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесінің кең көлемді жаңалануы үшін жаңа реформа пакетін жариялады. 

Тоқаев реформаның алдымен тұрақты демократияласуға және мемлекеттің тұрақтылығы мен басқара алалатын бір билікті мақсат еткенін білдірді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде  "Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз" деп көрсетті. . 

Президент міндет мерзімі кезінде саяси партиясы мүшесі бола алмайды. Осы аяда президент Тоқаев билік басындағы Amanat-тың (Nur Otan)  төрағалық міндетін бұдан кейін атқармайды. 

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары және мүшелері саяси партиялардың мүшесі бола алмайды. Қала және облыс әкімдері де партияда жоғарғы міндет атқара алмайды.

Президенттің жақын туыс-туғандарының мемлекеттің жоғарғы лауызымды міндеттері және жартылай үкімет фирмалардың басшысы болуына заң арқылы тыйым салынады. 

Парламенттің үстінгі қанаты Сенатының органдары өзгереді. Осы орайда Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10 депутатқа дейін азаяды. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргідей сайламайды, тек ұсынатын болады.

Заңнамаларды қабылдау билігі тек Парламенттің астыңғы қанаты Мәжілісте болады. Аталмыш реформамен биліктері кеңейтілетін Мәжілісте барлық қауымға өкілдік ететін өкілдер жүйесі атқарылады. 

Қала және облыс әкімі үміткерлері болса жергілікті мәжіліс тарапынан жанамалай түрде сайлаумен белгіленеді. 

Абай, Жезқазған және Жетісу сынды жаңа облыстар құрылады.

Аталмыш реформаның іске қосылуы үшін осы жылдың аяғына дейін 20 заң қабылданады. Сонымен қатар Конституцияның 30-дан астам баптарына өзгерістер жасалады. 

 



Ұқсас жаңалықтар