Түркия-Түрікменстан дипломатиялық қарым-қатынастарына 30 жыл

ТР Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты хабарлама жариялады.

1787037
Түркия-Түрікменстан дипломатиялық қарым-қатынастарына 30 жыл

Түркия Түрікменстанмен бауырластықты нығайтуға және ынтымақтастығын барлық салада одан әрі дамытуға ниетті екенін қайталады.

ТР Сыртқы істер министрлігі Түркия-Түрікменстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына орай бір хабарлама жариялады.

Хабарламада Түркияның Түрікменстанның тәуелсіздігін мойындаған және елдегі алғаш елшілікті ашқан ел екені атап көрсетілді.

Екі ел арасындағы мәдени және тарихи байланыстарға назар аударылған хабарламада «Екіжақты қарым-қатынасымыз бен ынтымақтастығымыз соңғы 30 жылда халықтарымыз арасындағы тамыры терең тарихи-мәдени байланыстардан нәр алған бауырластығымыз негізінде өзара құрмет пен ортақ мүдделер бағытында әр салада дамып, нығая түсті. Ортақ тіліміз, мәдениетіміз, наным-сеніміміз бен тамырымыз бізді бір-бірімізбен ортақ мүдделерден гөрі, жүрек сезімімен де байланыстырады» делінді.

Соңғы кездері әр салада қарқын алған екі жақты қарым-қатынастардың Түрікменстанның Түрік мемлекеттері ұйымына бақылаушы мүше болуы және екі ел басшыларының өзара сапарларымен тұғырға көтерілгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Алдағы кезеңде сауда, инвестиция, энергетика, көлік, мәдениет, білім және басқа да көптеген салада басылатын өзара қадамдар екіжақты ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтуге және ауқымын тереңдетуге ықпал етеді» делінді.

Мәлімдемеде «Соңғы 30 жыл ішінде Түрікменстан еліміз сияқты халықаралық қоғамның да мақтау мен қолдауын алып, «тұрақты бейтараптық» саясатымен аймақтың тұрақтылығы мен өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Түркия бұрынғыдай маңызды өзгеріс пен серпіліс процесінің алдында тұрған Түрікменстанның жанында болуды жалғастырады. Дипломатиялық қарым-қатынасымыздың қалыптасуының 30 жылдығын тойлап жатқан осынау қуанышты күні біз атажұртымыз Түрікменстанмен бауырластығымызды нығайтуға және ынтымақтастығымызды барлық салада одан әрі дамытуға ниетті екенімізді тағы бір рет қайталаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар