Әзербайжан бекіністеріне шабуыл

Армения армиясына қарасты жасақтар шекарадағы Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудырды.

1776261
Әзербайжан бекіністеріне шабуыл

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясына қарасты жасақтарының шекарадағы Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудырғанын хабарлады. 

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Келбеджер провинциясының Зейлик ауылы бағытындағы бекіністердің жергілікті уақытпен кеше сағат 22.00-де Басаргечер провинциясының Юкары Чорджа ауылындағы армян бекіністерінен атқыланғаны хабарланды.

Мәлімдемеде аймақтағы жағдайдың Әзербайжан жасақтарының бақылауында екені білдірілді. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар