ТР Ауыл шаруашылығы министрі Өзбекстанда

Бекир Пакдемирли Ташкентте Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрі Жемшид Ходжаевпен кездесті.

1776030
ТР Ауыл шаруашылығы министрі Өзбекстанда

Ауыл шаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирли Ташкенттегі байланысы барысында Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрі Жемшид Ходжаевпен кездесті.

Кездесуге Түркияның Өзбекстандағы өкілетті елшісі Олган Бекар да қатысты.  Пакдемирли сапарының көп уақыттан бері жоспарланған және қазірден-ақ нәтижесі шыға бастаған тиімді сапар болғанын айтты.

Министр Түркияның жер ресурстары жағынан әлемде 30-шы кезекте болса да егіншілік саласында алғашқы ондыққа кіретін ел екенін еске салды. Ол маңызды тәжірибелерін бауырлас ел Өзбекстанмен де бөлісуге дайын екендерін білдірді.

Министр егіншілік саласында екі жақты ынтымақтастықтың жетілдірілуі үшін іс жоспары мен өзара информация алмасуға бағытталған әрекет жоспары қалыптастырғандарын айтты. Сонымен бірге жер ресурстарының шығымдылығын арттыру мақсатында бірге жұмыс істеуге келіскендерін білдірді.

Министр сондай-ақ ғылым және технология саласында қолдау көрсету мақсатымен Егіншілік зерттеулер бас дирекциясының бір кеңсесінің Өзбекстанда ашылуына шешім қабылдағандарын атап көрсетті.

Өзбек министр Ходжаев те Түркиямен ынтымақтасуға дайын екендерін білдірді.

Кездесуден кейін Түркия мен Өзбекстан арасында егіншілік саласында стратегиялық ынтымақтастық іс-қимыл жоспары, Түркия мен Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында зерттеу саласында ынтымақтастық игі ниет мәлімдемесі мен Түркия-Өзбекстан  Егіншілік атқару комитетінің 3-ші кезең жиналысының құжаттарына қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар