Түркия Қызғызстан-Тәжікстан шешіміне риза

27 қаңтар күні Тәжікстан мен Қырғызстан шекара қорғаушылары арасында жанжал шығып, 2 кісі қаза тапқан, 21 кісі жараланған болатын.

1770070
Түркия Қызғызстан-Тәжікстан шешіміне риза

Түркия Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы қақтығыстардың тараптардың байсалды тұғымен аяқталуына және шекарада атысты тоқтату жөнінде келісімге келгендеріне риза болғанын білдірді. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Дос және бауырлас екі ел арасындағы шекара дағдарысын келіссөз жолымен бейбіт шешу жөніндегі шынайы тілегімізді қайталаймыз" деп көрсетілді.

Мұндай оқиғалардың қайталанбауы білдірілген мәлімдемеде қаза тапқандарға Алладан иман, жаралыларға шұғыл шипа тілегі жеткізілді. 

Еске сала кетейік, 27 қаңтар күні Тәжікстан мен Қырғызстан шекара қорғаушылары арасында жанжал шығып, соңы атысқа айналуы себепті 2 кісі қаза тапқан, 21 кісі жараланған болатын. 

Кездесулер арқылы екі тарап атысты тоқтатуға келісті.



Ұқсас жаңалықтар