"Оқиғалар атаусыз бір орталықтан үйлестірілді"

Қазақстан президенті жақында дәлелдердің ұсынылатынын хабарлады.

1759989
"Оқиғалар атаусыз бір орталықтан үйлестірілді"

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліндегі оқиғалардың атаусыз бір орталықтан басқарылғанын айтты.

Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) онлайн отырысында сөз сөйледі.

Елдің әскери төңкеріс әрекетінен аман қалғанын айтқан Тоқаев содырлардың Алматы қаласын нысанаға алғанын, артынан елдің оңтүстігін, одан кейін елордасы Нұр-Сұлтанды басып алуды көздегенін білдірді.

Президент жақында халықаралық қоғамдастыққа елде болған оқиғалардың дәлелдерін ұсынатындарын атап көрсетті. «Билік бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс ашпады, ашпайды да» деді ол.

Тоқаев іс-шараларды бір ғана атаусыз орталық үйлестіретінін айтты.

Тоқаев Ресей бастаған блоктың Қазақстанға 2 мың 30 сарбаз бен 250 әскери техника жолдағанын айтты.

«Ресей бастаған блоктың қадамдарының заңдылығына кейбір тараптардың күмәні ақпараттың жоқтығынан туындап отыр. Блокпен кең ауқымды антитеррорлық операция жақын арада аяқталады» деді президент.

Тоқаев үкіметтің жаңа тізімін сейсенбі күні жариялайтынын білдірді.

Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.



Ұқсас жаңалықтар