Қазақстан мен Түркияның БАҚ саласындағы ынтымақтастығы нығайып келеді

Түркия телерадио коорпарациясының (TRT) шетелге бағытталған білім беру жобалары жалғасуда.

1744809
Қазақстан мен Түркияның БАҚ саласындағы ынтымақтастығы нығайып келеді

Түркия телерадио коорпарациясының (TRT) шетелге арналған оқу-тәжірибелік жобалары жалғасуда. ТРТ дос және бауырлас Қазақстанның БАҚ өкілдеріне оқу ұйымдастырады.
Қатысушылар «TRT мамандарынан журналистика тәжірибесінің трансформациясы: Тележурналистерден цифрлық журналистерге» тақырыпты көптеген оқу-тәжірибеден өтіп, жаңа технологияларды үйреніп тәжірибе алмасады.

6-10 желтоқсан күндері аралығында бейне көрініс арқылы берілетін сабаққа Қазақстанның түрлі медиасында жұмыс істеген 40 адам қатысады.

Қазақстандық баспасөз қызметкерлеріне бағытталған сабақта «Төтенше жағдай және адамдық дағдарыстарда журналист», «Журналисттің қағидалары», «Дағдарыс және қақтығыс аймақтарында журналист», «Халықаралық журналист», «Сұхбат жүргізу техникалары» және «Жаңа медиа таралымы» атты тақырыптарында білім берілуде.

Сабаққа қатысқан қазақстандық баспасөз қызметкерлері көп нәрсе үйренгендерін және өте риза болғандарын, сондай-ақ TRT сынды халықаралық медиа ұйымдарынан білім алғандары үшін бақытты сезінгендерін білдіріп TRT-ге алғыс айтты.

5 күн жалғасатын білім беру барысында қазақстандық баспасөз қызметкерлеріне «Халықаралық тілшілік» және «Төтенше жағдай және адамдық дағдарыстарда тілшілік» тарырыбында сабақ беріледі.

Қазақстандық баспасөз қызметкерлеріне теледидар саласында бетпе-бет форматта берілуі жоспарланған сабақтың болса 2022 қаңтарда жариялануы күтілуде.

 



Ұқсас жаңалықтар