Түрік Мемлекеттер Ұйымы Африкаға вакцина жолдады

Буркина-Фасоға 400 мың компонент Sinovac, Тогоға 211 мың 200 компонент Sinopharm вакцинасы жолданды.

1743793
Түрік Мемлекеттер Ұйымы Африкаға вакцина жолдады

Түрік Мемлекеттері Ұйымы берген 611 мың 200 компонент жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасы Буркина-Фасо мен Тогоға тапсырылды.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоғанның Түрік Мемлекеттер Ұйымына Африка елдеріне вакцина жәрдемін беру шақыруы ескертіліп, Түркияның індетпен күресте халықаралық ұйымшылдыққа мән бергені білдірілді.

Мәлімдемеде:

Президент Ердоған Түрік Мемлекеттері Ұйымының 8-ші саммитінде ұйым атынан Африка елдеріне вакцина жәрдемін жасайтынын жариялады" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде осыған орай ұйым атынан Африка елдеріне жолданатын Түркиядан 200 мың, Әзербайжан мен Өзбекстаннан 100 мың компоненттен Sinovac вакцинасы, Венгриядан 211 мың 200 компонент Sinopharm вакцинасы жолданғаны хабарланды.

Аталмыш вакциналардыңталап пен қажеттілікке сай Буркина-Фасо мен Тогоға жолдау келісімі жасалғаны білдірілген мәлімдемеде:

"Әзербайжан, Өзбекстан мен Венгрия жолдаған вакциналар елімізге келді, бұл вакциналар еліміз берген вакциналармен бірге 6 желтоқсанда екі елге жолданды. Буркина-Фасоға 400 мың компонент Sinovac, Тогоға 211 мың 200 компонент Sinopharm вакцинасы тапсырып берілді" деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар