Назарбаев "Нұр Отан" төрағалығын Тоқаевқа тапсырды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағалық міндетін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырып берді.

1737627
Назарбаев "Нұр Отан" төрағалығын Тоқаевқа тапсырды

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік басындағы "Нұр Отан" партиясы төрағалық міндетін қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырып бергенін айтты.

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасындағы мәлімдемесінде  шешімнің бүгін "Нұр Отан" партиясының Саяси кеңес жиналысында жасалғанын хабарлады.

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны президент басқаруы тиіс екенін айтып: 'Нұр Отан' партиясының төрағасы өкілетін тапсыруды ұйғарды. Өкілетті тапсыру процедурасы партия жарғысына сәйкес жүзеге асырылды" деп жазды Үкібай.

 



Ұқсас жаңалықтар