Армян әскерлері оқ жаудырды

Жағдайды Әзербайжан армиясының бақылауға алғаны хабарланды.

1734547
Армян әскерлері оқ жаудырды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения әскерлерінің екі ел шекарасының кейбір бағыттарында Әзербайжан бекіністеріне оқ атқанын хабарлады.

Министрлік хабарлама жариялап,  армян жасақтардың 15 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 16.15-тен 16 қараша күні сағат 04.30-ға дейін Келбеджер қаласының, Товуз облысының, Агстафа қаласының кейбір ауылдарындағы Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудырғанын білдірді.

Армения армиясының арандатушылығының алдын алу үшін Әзербайжан жасақтары да қарсы жауап берді.  Жағдайды Әзербайжан армиясының бақылауға алғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар