"Түрік Қарулы күштері - әлемдегі ең мықты армиялардың бірі"

Хасанов ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акармен бірге баспасөзге брифинг берді.

1731486
"Түрік Қарулы күштері - әлемдегі ең мықты армиялардың бірі"

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Әзербайжан армиясынан көптеген әскер мен офицердің Түркияда білім алғанын атап көрсетіп, Түрік Қарулы күштерінің әлемнің ең мықты армияларының бірі екенін білдірді.

Хасанов Жеңіс күніне орай Әзербайжанға барған ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акармен бірге баспасөзге брифинг берді.

Хасанов Әзербайжан армиясының бір жыл бұрын Бас қолбасшы Ильхам Әлиев лидерлігінде 44 күн ішінде Армения армиясын тасталқан қылып,  елдің территория тұтастығын қамдағанын айтты.

Ол Әзербайжан армиясының соғыста жоғары деңгейлі жауынгерлік көрсеткенін айтып: «Әзербайжан армиясынан көптеген әскер мен офицер Түркияда білім алды. Түрік Қарулы күштері – әлемдегі ең мықты армиялардың бірі.  Ұлтымыз, дініміз,  тіліміз,  мәдениетіміз бір. Біз де осы мүмкіндікті қолданып,  Түрік Қарулы күштерінің тәжірибесін пайдаландық» деді.

Әзербайжан Қорғаныс министрі президент Ильхам Әлиевтің «Бұл жеңіс – біздің бірлігіміздің жеңісі» деген сөздерін еске салып, «Бұл- бүкіл түрік әлемінің жеңісі» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар