Ердоған мен Әлиевтің кітабы шықты

Гүнай Ефендиева таныстырудағы сөзінде Қарабах жеңісінің тек Әзребайжанның ғана емес, Түрік әлемінің жеңісі екенін айтты.

1730056
Ердоған мен Әлиевтің кітабы шықты

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің соңғы 18 жылдағы кездесулері, ортақ мәлімдемелері мен қатысқан жиналыстары "Біз бұл жолдарда бірге жүрдік" деген атпен  кітапқа айналдырылды.

Бас қала Бакудегі Халықаралық Түрік Мәдениеті мен Мұрасы қоры әзербайжандық депутат Мелахет Ибрахимқызы дайындаған, Әділет және даму партиясының Малатия депутаты Өзгур Чалык редактор болған, Анкара университетінің ректоры Профессор доктор  Неждет Унувар ақылшы болған кітап таныстырылды.

Қордың төрайымы Гүнай Ефендиева таныстырудағы сөзінде Қарабах жеңісінің тек Әзербайжанның ғана емес, Түрік әлемінің жеңісі екенін айтты. 

Соғыста Әзербайжанның 44 күн бойынша Түркияның рухани қолдауын қасында сезінгенін айтқан Ефендиева:

"Таныстырылып отырған кітапта екі ел басшыларының достығы мен сенімі бейнеленген. Кітап - Әзербайжан мен Түркияның достығы мен бауырластығының, сүйіспеншілігінің кітабы" деді.

Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Жахит Багжы президент Ердоғанның саяси бағытын суреттеген "Біз бұл жолдарда бірге жүрдік" деген сөзі Әзербайжанмен қарым-қатынастарды қамтығанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар