Қырғызстан Түркиядан әскери дрон алады

Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы мәлім етті.

1723431
Қырғызстан Түркиядан әскери дрон алады

Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы Камчыбек Ташиев Түркиядан «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз әуе көлігін сұраныс бергендерін білдірді.

Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара жасақтары қызметтеріне бірінші рет әскери көліктер сатып алынып, оларды тапсыру рәсіміне президент Садыр Жапаров та қатысты.

Ташиев осында журналистерге Түркияға сұраныс бергендерін, жақында ұшқышсыз қарулы әуе көліктерінің келетінін айтты.

Ол осы қарулы ұшқышсыз әуе көліктерінің санаулы елде бар екенін айтып «Бұлардың бірі де біздің ел болады.  «SİHA» деп аталатын осы әскери дрондарды қолданатын мамандар Түркияда дайындықтан өтті. Жақында елімізге келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар