Қазақстан президенті Мұстафа Шентопты қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентопты «Ақорда» резиденциясында қабылдады.

1711098
Қазақстан президенті Мұстафа Шентопты қабылдады
sentop-tokayev.jpg
mustafa sentop-nurlan nigmatulin.jpg

«Ақорда» резиденциясында жүзеге асқан қабылдауда Тоқаев әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан түрік тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Тоқаев «Ешкім әлемде тәртіптің қалай дамитынын нақты айта алмайды. Осыған қарамастан Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар сенім мен достық негізінде сәтті түрде дамып келеді» деді.

Түркияның халықаралық аренада артқан рөліне баса назар аударып, бауырлас елдің жетістіктеріне риза екенін атап көрсеткен Тоқаев болашақта одан көп екіжақты ынтымақтастыққа сенім артатынын мәлімдеді.

Шентоп болса эпидемия кезеңіндегі шектеулерге қарамастан екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тілге тиек етіп «Қараша айында елімізде өтетін Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) саммитінде түркі әлемінің бірлігін одан әрі нығайтуға бағытталған бір қатар маңызды шешімдер қабылдануы тілегіміз. Бұл саммитке сізді де күтеміз» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Шентоп сондай-ақ Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен бас қосты.

Шентоп Нығматулинмен кездесуінде Түркия мен Қазақстан арасында парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап одан жоғары деңгейге жеткізу үшін тырысатындарын мәлімдеді.

Қазақстанның әліпбиді ауыстыруға бағытталған қадамын үлкен қуанышпен қарсы алғанын білдірген Шентоп «Менің ойымша жаңа әліпби бір-бірімізді оңай түсінуге көмектеседі» деді.

Шентоп кездесуде Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТО) тақырыбында үміттендіретін жаңалықтар болғанына назар аударып «Біз бұл тақырыпта сезімталдығыңызды білеміз және қолдау күтеміз» деді.

Мұстафа Шентоптың Әшімбаевпен кездесуінде болса екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік шеңберінде көлік қатынасы, цифрландыру, ғарыш, туризм, мәдениет, білім және сауда салаларында қарым-қатынасты нығайту керектігі баса айтылды.

Шентоп басшылығындағы Түркия парламенттік делегациясы байланыстарының алғашқы күні түрік кәсіпкерлерімен кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар