«Ұлы дала әуендері» Анталия халқын тамсандырды

Анталия қаласында «Ұлы Дала әуендері» атты мерекелік концерті болды.

1707804
«Ұлы дала әуендері» Анталия халқын тамсандырды

 

18 қыркүйек күні Түркияның Анталия қаласында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің «Ұлы Дала әуендері» атты мерекелік концерті болды.

Концерттік бағдарлама Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылды. Концертке  Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Қазақстанның Анталиядағы консулдығы мен Анталия муниципалитеті өкілдері, Анталиядағы қазақ диаспорасы, жергілікті халық пен БАҚ өкілдері келді.  

Ұлы дала әуендерін тыңдауға жиналған халық окрестрдің ән-күйлерін тамсана тыңдады. Концерттік бағдарлама халықтың сұрауымен өз мерзімінен асып түсті.  

Елші А. Сапарбекұлы «Анталия  Қазақстан мен Түркия арасындағы туыстық қатынастарды нығайтуда. Бізде мәдениет саласында ғана емес, сонымен қатар экономика, сауда және туризм, білім беру саласында да ынтымақтастық бар» деді.

Аталған іс-шараға Отандастар қорының тәуелсіз директоры, Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков бастаған делегация мүшелері де қатысты.

Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің  дирижері Ерлан Бақытгерейдің басшылығында оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және түрік әндері шырқалды. Сондай-ақ халықаралық конкурстардың лауреаттары Сырым Хордин мен Майа Исмаилова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы, халықаралық конкурстар лауреаты Ерлан Жандарбай мен Гүлжан Қорғанбекова өнер көрсетті.

Бұл гастрольдік сапар әрі қарай Кония, Хатай, Газиантеп, Ыстамбұл қалаларында жалғасатын болады. Айдың 17 күні концерт Алания қаласында да болып өтті.

 

Мәлімет пен сурет Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен алынды. 



Ұқсас жаңалықтар