Хива - Түрік әлемінің мәдениет астанасы

Рәсімге байланысты Хива қаласы ашық ауа қойылым сахнасына айналды.

1706484
Хива - Түрік әлемінің мәдениет астанасы

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой тарапынан жарияланған «Хива 2020 Түрік әлемі мәдениеті астанасы» бағдарламасы Хивада болды.

Былтыр коронавирус пандемиясы салдарынан кейінге қалдырылған 2020 Түрік әлемі мәдениеті астанасы бағдарламасының ашылу салтанатына 500-ге тарта өнер қайраткері қатысты.  Ол Өзбекстанның Хива қаласындағы тарихи қамалда өтті.

Рәсімге байланысты Хива қаласы ашық ауа қойылым сахнасына айналды. Өнер қайраткерлері Ишан қамалының барлық көшелерінде дәстүрлі музыка үлгілерін шырқап,  би биледі.

Шара шеңберінде Түріксой «Түрік әлемі мәдениет астанасы» фотосурет көрмесін ашты. Көрмеде түрік әлемінің беделді фотографтары түсірген Мәдениет астанасы болған қалалардың суреттері орын алды.

Шара барысында айырықша Өзбекстанның дәстүрлі киім үлгілерін таныстырған сән қойылымы болды.



Ұқсас жаңалықтар