Вице-президент Октай Шолпан-Ата қаласында

Вице-президент Фуат Октай басшылығындағы түрік делегациясының Қырғызстан сапары жалғасуда.

1705620
Вице-президент Октай Шолпан-Ата қаласында

ТР Вице-президенті Фуат Октай Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды.

Вице-президент Фуат Октай Қырғызстанға сапары аясында бас қала Бішкектен кейін Шолпан-Ата қаласында байланыстарын жалғастырды.

Оқтай мен оның делегациясын байланыстардың алғаш бөлімінде Қырғызстан Республикасы президенті Садыр Жапаров ертіп жүрсе, бағдарламаның кейінгі бөлімдеріне Министрлер кеңесінің төрағасы Улукбек Марипов қатысты.

Сапар аясында Октай Шыңғыс Айтматов атындағы Рух Ордо мәдениет орталығының мұражайы мен Ысық көлді аралады. Осында қырғыз халқы үлкен қызығушылықпен қарсы алған Оқтай Қырғызстанға алғаш рет келгенін және көрсетілген қонақжайлылыққа өте риза екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар