Бакуде түрік байрағы желбіреді

Гайдар Әлиев орталығының сыртқы қабырғасы Түрік байрағымен безендірілді.

1689947
Бакуде түрік байрағы желбіреді
haydar aliyev merkezi Turk bayragi1.jpg
haydar aliyev merkezi Turk bayragi.jpg

Әзербайжанның бас қаласы Бакудың көркем ғимараттарының бірі Гайдар Әлиев орталығының сыртқы қабырғасы Түрік байрағымен безендірілді.

Түрік байрағының желбіреуін Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фариз Рзаев, Түркияның Әзербайжандағы елшісі Жахит Багжы, Әзербайжанда тұратын түрік азаматтары мен Баку тұрғындары бірге тамашалады.

Түркияның Әзербайжандағы елшісі Багжы журналистерге берген мәлімдемесінде орман өрттерінің алғашқы күні Әзербайжанның бір ұшақпен қызметкер жолдағанын еске салды.  Сол күннен бері Әзербайжанның көмегінің жалғасып жатқанын, тікұшақ және ұшақ-амфибия жіберілгенін айтты. Елші «Құрметті президент  Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен жүргізілген іс – еліміз үшін мағыналы және құнды» деді.

Елші «келдім, бауырым» деген Әзербайжанға алғыс білдірді.

Әзербайжанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Рзаев қиын күнде бауыр Түркияға достық көмегін берудің өздерінің рухани парызы екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар