Нұр-Сұлтанда «15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күні» атап өтілді
«15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күні» Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігінде тойланды.
«15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күні» Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігінде тойланды.
Күшейтілген карантиндік шаралар аясында өткізілген іс-шарада фотокөрме ұйымдастырылды.
Түркияның Нұр-Сұлтанда орналасқан Қазақстандағы елшілігінде 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетін тойтарудың 5 жылдығына орай еске алу рәсімі өткізілді.
Түркияның елшісі Уфук Экиджидің қонақжайлығында жүзеге асқан шараға елшілік қызметкерлері мен жергілікті баспасөз өкілдері қатысты.
Үнсіз еске алу мен Мемлекеттік ұранның орындалуымен басталған салтанатта Юнус Эмре институтының түрік тілі курсанттары 15 шілде туралы өлеңдер оқыды.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға Түркия Телерадио корпорациясы TRT дайындаған 15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекеті туралы деректі фильм көрсетілді.
Түркия тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып саналатын бұл күні шейіттер еске алынып, Құран оқылды.
Іс-шаралар аясында «15 шілде – Демократия және Ұлттық Бірлік күні» фотокөрмесінің ашылу рәсімі болып өтті. Елші Уфук Экиджи даңқты жеңісті тойлау, шейіттерімізді еске алу және батыр ардагерлерімізге ризашылығымызды білдіру үшін жиналғандарын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ильхам Әлиев пен Энтони Блинкен сөйлесті
Энтони Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында жасалған келісімді қолдайтындарын білдірді.