Волкан Бозкыр Қазақстанда
Бозкыр: "Аймақтың күшті үндеулері мен берекесі Ауғанстан қадамдарында шешуші болмақ. Осы тақырыпта Қазақстанның маңызды бір лидерлік көрсететінін ойлаймын" деді.
![Волкан Бозкыр Қазақстанда](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/2270/c584/7e52/60e849ce188b3.jpeg?time=1718694958)
БҰҰ 75-ші кезекті Жалпы Кеңесінің төрағасы Волкан Бозкыр Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан кейін Орталық Азия турының соңғы аялдамасы Қазақстанға барды.
Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азия сапарын бағаландырған Волкан Бозкыр:
"Орталық Азияға келу себебім осы елдердің сәлемін күллі әлемге жеткізу"деді.
Волкан Бозкыр БҰҰ 75-ші кезекті Жалпы Кеңесінің төрағасы болумен бірге түрік азаматы екеніне меңзеп:
"Бұл елдерге келу мен үшін ерекше сезім. Мен үнемі мынаны айтамын: Бір түрік БҰҰ Жалпы Кеңесінің төрағасы болды. Бұл әрі Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстанның төрағалығы. Менің атымнан бүкіл Түркі әлемі БҰҰ-нда төраға болуда" деді.
Бозкыр:
"Ауғанстандағы соңғы дамулар бейбітшілік пен тұрақтылықты қиындастыруда. Осы тұрғыдан аталмыш елдердің көп тәжірибесі бар. Аймақ елдері жарататын орта мен көзқарастар бұл мәселенің шешімінде өте маңызды" деп көрсетті.
Бозкыр осы тұрғыдан 7 тамызда өтетін "Орталық Азия лидерлер саммитіне" мән беретінін айтты.
Бозкыр:
"Аймақтың күшті үндеулері мен берекесі Ауғанстан қадамдарында шешуші болмақ. Осы тақырыпта әсіресе Қазақстанның маңызды бір лидерлік көрсететінін ойлаймын" деді.
Ұқсас жаңалықтар
![Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс болды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/6980/90f6/af85/666be0d78650a.jpg?time=1718694958)
Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс болды
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.
![Қазақстан атом энергиясын өндіру бойынша тағы бір жобаны бастады](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/a875/e643/1183/5b225d355c5a5.jpg?time=1718694958)
Қазақстан атом энергиясын өндіру бойынша тағы бір жобаны бастады
«Қазатомөнеркәсіп» Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран өндіретін болды.