Қазақстанда эпидемия басталғалы тәулігіне ең көп ауру тіркелді

Қазақстанда соңғы 24 сағатта 3 мың 3 адамның жаңа типтегі коронавируспен (ковид-19) ауырғаны анықталды.

1669476
Қазақстанда эпидемия басталғалы тәулігіне ең көп ауру тіркелді

Осылайша эпидемия басталғалы тәулігіне ең көп аурудың тіркелгені білдірілді.

Қ.Р. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметтері бойынша соңғы 24 сағатта 3 мың 3 адамда ковид-19 эпидемиясы анықталды. Осылайша эпидемия басталғаннан бері елдегі жалпы ауру саны 433 мың 931-ге дейін өсті.

Ковид-19 індетінен қайтыс болғандар саны тәулігіне 26-ға көбейіп, барлығы 4444-ке жетті.

21 маусым күні ковид-19 эпидемиясының дельта нұсқасының елде алғаш рет бас қала Нұр-Сұлтанда анықталуымен карантиндік шаралар арттырылған болатын.

Әсіресе қызмет көрсету саласында вакцинация егілмеген қызметкерлердің жұмыс уақыты шектелді. Денсаулығына байланысты кезкелген проблемасы болмай вакцинациядан бас тартқан аталмыш сала қызметкерлерінің болса, 7 күнде бір рет  ПТР анализін тапсыруы міндеттелді.

Қаладағы сауда орталықтары, кафелер мен мейрамханалардың жұмыс уақыты да шектелді.



Ұқсас жаңалықтар