TRT Қазақстан тілшілеріне марапат

ҚР Ұлттық музейі ТРТ Қазақстан өкілдігінің тобын үлгілі жұмыстары үшін марапаттады.

1664463
TRT Қазақстан тілшілеріне марапат

28 маусым күні атап өтілетін Қазақстан Журналистер күні аясында елдің үздік журналистері мен баспасөз өкілдері марапатталды.

ҚР Ұлттық музейі ТРТ Қазақстан өкілдігінің тобын да Қазақстандағы көрнекті және үлгілі жұмыстары үшін марапаттады.

Журналистер күніне орай баспасөз өкілдері Қазақстан Ұлттық музейіне жиналды. Қазақстанның Ұлттық музейі елдің үздік журналистерін және баспасөз өкілдерін марапаттады.

Қазақстан ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қиын эпидемиялық жағдайларда өз міндеттерін орындауға күш салған баспасөз өкілдеріне алғысын жеткізді.

Қазақстандағы ТРТ тобы да марапатталған баспасөз мүшелерінің қатарында болды.

TRT Қазақстан өкілдігінің тобы Қазақстанның мәдени құндылықтарын және түркі әлемінің әлемдік  мұра болып табылатын рухани құндылықтарын насихаттағаны үшін марапатталды.



Ұқсас жаңалықтар