Түркия мен Қазақстан қарым-қатынасы өте жақсы

Абзал Сапарбекұлы: "Түркия Қазақстанды шығысқа ашылған қақпа,  Қазақстан да Түркияны Батысқа, Орта Шығысқа, Африкаға ашылған қақпа деп қарайды" деді.

1655688
Түркия мен Қазақстан қарым-қатынасы өте жақсы

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның Қазақстанға ең көп инвестиция салған алғашқы 10 ел арасында орын алғанын білдіріп:

"Түркия Қазақстанды шығысқа ашылған қақпа,  Қазақстан да Түркияны Батысқа, Орта Шығысқа, Африкаға ашылған қақпа деп қарайды" деді.

Абзал Сапарбекұлы елшілікте баспасөз қызметкерлеріне жасаған мәлімдемесінде:

"Қазақстан Түркия да мән берген орталық дәлізді дамытуды қалайды" деді.

Осы тақырыпта Түркия, Қазақстан және Әзербайжан сияқты елдердің қатысуымен бір жиналыс өткізілетінін айтқан Сапарбекұлы:

"Нысанамыз Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын барлық салада дамыту. Өткен жылы Қазақстандағы түрік инвестициясы үшін маңызды жыл болды. 2019 жылы тәуелсіздік тарихындағы ең ірі түрік инвестициясын тартқан Қазақстанда бұл рекорд  өткен жылы коронавирус індетіне қарамай жаңаланды" деді.

Түркияның Қазақстанға ең көп инвестиция салған 10 елдің бірі екенін айтқан Сапарбекұлы:

"Түркия Қазақстанды шығысқа ашылған қақпа,  Қазақстан да Түркияны Батысқа, Орта Шығысқа, Африкаға ашылған қақпа ретінде бағалайды" деп көрсетті.

Сапарбекұлы Малатия, Кайсери, Кония және Мерсин сияқты қалалардағы компаниялардың Қазақстанда биыл 10 фабрика ашуы күтілгенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар