Президент Ердоған Жапаровты қарсы алды

Қырғызстан президенті Түркияға келді.

1654835
Президент Ердоған Жапаровты қарсы алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды.

Жапаров мінген көлікті Президенттік сарайдың алдындағы даңғылда күтіп алған атты әскерлер кіре беріске дейін серік болды.

Жаңбыр астында болған рәсімде президент Ердоған Жапаровты есікте қарсы алды.

Ердоған мен Жапаров бір біріне делегация мүшелерін таныстырды. 

Қарсы алу рәсіміне вице-президент Фуат Октай, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қазына және қаржы министрі Лүтфи Елван, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және Сауда министрі Мехмет Муш, Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун мен Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын қатысты.



Ұқсас жаңалықтар