Нұр-Сұлтанда "Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы" ашылды

Түркия-Қазақстан дипломатиялық қатынастарына 30 жыл толды.

1652470
Нұр-Сұлтанда "Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы" ашылды

Нұр-Сұлтанда "Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы" ашылды.

Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай, ел ордасы Нұр-Сұлтанның ең беделді саябағы саналатын Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясының» ашылуы өтті.

Түркия мен Қазақстан 2022 жылы дипломатиялық қатынастардың орнауының 30 жылдығын атап өтеді. Осыған орай Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы ашылды.

Президенттік саябақта өткен ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экинджи, Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығы өкілдері қатысты.

Түркияның елшісі Уфук Экинджи «Әрі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы, әрі екі бауырлас елдің дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай 30 ағаш отырғыздық. Бұл әрине символдық бір сан. Бұл аумақты бізге әкімдік бөліп берді. Жыл сайын немесе уақыты келгенде біз ағаш отырғызып, осы аумақты кеңейтеміз. Бұл Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы болады» деді.

Аталмыш аллеяның болашақ ұрпаққа сыйға тартылғанын айтқан Уфук Экичи екі бауырлас елдің байланыстары мен қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған іс-шараларды елдің әртүрлі қалаларында жалғастыра беретіндіктерін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар