Армян әскерлері тұтқынға түсірілді

Әзербайжан Арменияның алты әскерінің тұтқынға алынғанын хабарлады.

1646551
Армян әскерлері тұтқынға түсірілді

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Келбежер аймағында шекарадан өтіп, жолға мина төсеуге тырысқан Арменияның алты әскерінің тұтқынға алынғанын хабарлады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жергілікті уақытпен сағат 03 кезінде Әзербайжан армиясының шекарадағы бекіністеріне баратын жолда Армения армиясының мина төсеп жүргенін анықтады. Армения әскерлеріне операция жасалып,  алты әскер тұтқынға түсірілді.

Әзербайжан армиясы аймақта бақылауды өз қолына алды.



Ұқсас жаңалықтар