Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек береді

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді.

1635769
Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек береді

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фэйсбуктегі парақшасында жариялады. 

Берік Уәли мәлімдемесінде «Қырғызстан Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады» деген сөздер қолданды. 

Мәлімдемеде бауырластық, дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттар аясында Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберілетіні және Қазақстан үкіметінің аталмыш көмекті орындау үшін жұмыстар бастағаны білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар