Түріктер түсірген Ясауи телехикаясы Қазақстанда көрсетіледі

Түркияның TRT арнасы түсірген бұл телехикая «Мавера» деп аталады.

1622003
Түріктер түсірген Ясауи телехикаясы Қазақстанда көрсетіледі

«Qazaqstan» телеарнасы 19 сәуірден бастап Түркияда түсірілген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикаяны көрермен назарына ұсынады.

 Түркияның TRT арнасы түсірген бұл телехикая «Мавера» деп аталады. Мавера – (араб тілінде «көрінетін әлемнің көрінбейтін арғы жағы» деген мағынаны білдіреді) көне Османлы тілінде қолданылған сөз. Қазақша «тылсым әлем», «қарсы жақ», «басқа дүние» деп аударуға болады.

Ясауи туралы телехикаяны түріктер жаңа форматта түсірген. Телехикаяда Қожа Ахмет өмірінің көпшілік біле бермейтін қырлары, жалпақ жұртқа беймәлім кезеңі көбірек суреттеледі. Сондықтан да бұл телехикая Қазақстан көрермендері үшін де қызықты болары хақ.

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның таяудағы Түркияға жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи өмірі туралы телесериал премьерасын Қазақстан мен Түркияда бір мезгілде көрсету туралы уағдаластыққа TRT-ның бас директоры Ибрахим Еренмен кездесуінде қол жеткізілген болатын. Сонымен қатар екі ел арасында түркі жұртына ортақ тарихи тұлға – Қорқыт ата туралы бірлескен сериал түсіруге келісім жасалған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар