QazVac вакцинасы Түркияда бөтелкеге құйылады

Қазақстанның QazVac атты вакцинасы Түркияда бөтелкеге ​​құйылады.

1618350
QazVac вакцинасы Түркияда бөтелкеге құйылады

Қазақ ғалымдары тарапынан жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы жетілдірілген QazVac (QazKovid-in) атты вакцина Түркияда бөтелкеге ​​құйылады.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов журналистерге жасаған мәлімдемесінде Түркияда бөтелкеге құю шешімін елдегі жергілікті вакцина өндіріс зауытында құрылыс жұмыстарының әлі бітпеуі себепті жасағандарын айтты.

Ералы Тоғжанов QazVac вакцинасының 21 сәуірде 50 пайызы халықаралық мәртебеге сәйкестік бақылауынан өткенін білдіріп:

"Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан барлық клиникалық сынақтары бағаландырылады және соңғы рапорты жарияланады" деді. 

QazVac вакцинасының алғашқы сатыда Түркияда өндірілуі үшін келісім жасалғанын айтқан Тоғжанов:

"Қазақстанның Ковид-19 індетіне қарсы жетілдірген вакцинасының 500 мың дозасын түрік компанияларында өндіруді нысанаға алдық. Вакцина өндірісінде толық жергілікті материал қолданамыз. Түркияда вакцина тек қана бөтелкеге құйылады" деп көрсетті.

Қазақ Биологиялық Қауіпсіздік зерттеу институтының ғалымдары жетілдірген QazVac вакцинасы адамдардың бұлшықетіне егіледі.

21 күннен кейін екінші дозасы егілетін вакцинаны арнаулы суық жерде қорғаудың қажеті жоқ.  



Ұқсас жаңалықтар