Қожа Ахмет Ясауиге байланысты маңызды құжат табылды

Шағатай тілінде жазылған шежіренің ұзындығы 3,5 метр.

1611314
Қожа Ахмет Ясауиге байланысты маңызды құжат табылды

Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның тарихына қатысты шежіренің бір бөлігі мен арнайы мөр басылған құжаттар табылды. Құжатта 13-ғасырдан қалған тарихи мәліметтер орын алған. Шағатай тілінде жазылған шежіренің ұзындығы 3,5 метр.

Түркістан қаласынан Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның рулық шежіресі, тарихи қолжазбалары және мөр басылған құжаттары табылды.

Тарихи құжат ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, оны Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның немерелері сақтап келген. Ғасырлар бойы құпия болып келген құжат енді ғана ашылды.

Құжатта сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген кезеңге жататын тарихи шешімдер, жер атаулары, шекара туралы мәліметтер, адамдардың өмірі мен күнделікті өмірі туралы ақпарат қамтылған. Құжат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне жеткізіледі. Содан кейін оны сарапшылар тексереді.

«Әзірет Сұлтан» мұражайының директоры Нұрболат Ахметжанов Қожа Ахмет Ясауиге байланысты зерттеу жұмыстарының әрі елде, әрі шетелде жүргізілетіндігін мәлімдеді.

Жақында Өзбекстанда да Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір бөлігі табылды.

 



Ұқсас жаңалықтар