Әзербайжанға төлқұжатсыз саяхат

Түркия мен Әзербайжан азаматтары тек куәлікпен саяхаттай алады.

1602567
Әзербайжанға төлқұжатсыз саяхат

Түркия мен Әзербайжан азаматтары 1 сәуірден бастап төлқұжатсыз саяхаттай алады.

ТР Полиция басқармасының хабарламасында «Екі ел азаматтары 1 сәуір күнінен бастап өзара сапарларда куәлікпен жүре алады.  Визасыз тұру мерзімі 30 күннен 90 күнге көтерілді» деп айтылды.

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт  Чавушолу Түркия мен Әзербайжан арасында куәлікпен саяхат басталатынын әлеуметтік желіден хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар