Әлиев азат етілген елді мекендерді аралады

Әзербайжан президенті Фузули және Ходжавенд қалаларына барды.

1602011
Әлиев азат етілген елді мекендерді аралады

 

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның оккупациясынан азат етілген Фузули және Ходжавенд қалаларына барды.

Әлиевтің жұбайы Михрибан Әлиеваның әлеуметтік желі есебінде жарияланған көріністерде президент Әлиев көлікті өзі жүргзіліп келеді.

Ильхам Әлиев көріністерде жол бойы қираған елді мекендерді көрсетіп,  осы ауылдарды Армения күштерінің қиратқанын айтты.  Елді мекендердің бірінде үзіліс берген Әлиев оккупациядан азат етілген аймақтарда қайта құру жұмыстарының басталғанын,  жаңа жолдар салына бастағанын айтты.

Әлиев жаудың оккупация кезінде Әзербайжанның тарихи мұрасын жойып жібергісі келгенін айтты. «Бірақ істей алмады.  Біз осы жерлерге қайта оралдық. Қаһарман және жеңімпаз халық ретінде қайта оралдық және жерімізден жауды қуып шықтық» деді ол.'



Ұқсас жаңалықтар