ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрышев TRT Haber арнасына сұхбат берді

Ол Қазақстанның тарихта бірінші рет халықаралық ынтымақтастық келісіміне Түркиямен қол қойғанын айтты.

1602238
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрышев TRT Haber арнасына  сұхбат берді

Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 29 жылдығына орай Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев TRT Haber арнасына арнайы сұхбат берді.

Нұрышев Қазақстанның тәуелсіздігін таныған тұңғыш елдің Түркия екенін және осыдан тап 30 жыл бұрын Қазақстан Кеңес Одағының құрамында тұрған кезде Тургут Өзалдың келгенін білдірді. Ол Қазақстанның тарихта бірінші рет халықаралық ынтымақтастық келісіміне Түркиямен қол қойғанын айтты.

TRT Haber арнасына сұхбат берген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның шетелдегі алғашқы өкілетті елшілігін Түркияда ашқанын,  мұның қазақ халқы мен түрік халқы арасындағы тамырлы бауырластық байланыстарының бір көрсеткіші екенін атап айтты. «Біздің тамырымыз бір, түбіміз бір, сондықтан бауырлас елдер арасында бірнеше мың жылдан келе жатқан тарихи байланыстар бар» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар