Қазақ делегациясы Ташкентте болды

Қазақстан делегациясы Тоғжанов басшылығында Өзбекстанда байланыстар жүргізді.

1595820
Қазақ делегациясы Ташкентте болды

Қазақстан делегациясы вице-премьер Ералы Тоғжанов басшылығында Өзбекстанда байланыстар жүргізді.

Тоғжанов өзбек әріптесі Бехзод Мусаевпен коронавирустың алдын алуды да қосқанда бірсыпыра тақырыптарды талқылады.

Қазақстан вице-премьері Ералы Тоғжанов және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Өзбекстанның бас қаласы Ташкентке ресми сапармен барды. Тоғжанов Өзбекстан вице-президенті Бехзод Мусаевпен коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және эпидемиологиялық жағдайды жақсарты тақырыптарын қолға алды. Қазақ вице-премьер Қарағанды дәрі кешенінде 10 мың доза орыс вакцинасы өндірілгенін айтып,  премьер-министр басшылығында бір мемлекеттік комиссия қалыптастырылғанын білдірді. «900-ден астам дәрі өндіріп отырмыз. 25 күнде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі жұқпалы аурулар ауруханасын салдық» деді ол.

Өзбекстан вице-премьері Мусаев елде эпидемиологиялық жағдай назарға алынып, жедел жәрдем қызметінің екі есе арттырылғанын, төрт мың төсек-орынды бірнеше аурухана салынғанын білдірді. Кездесулерге Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және Білім беру министрлігі өкілдері де қатысты.


TRT Нұр-Сұлтан

Жанар Салыбай



Ұқсас жаңалықтар