Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына 29 жыл

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 2 наурызда тіркелді.

1593454
Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына 29 жыл

Биыл Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына 29 жыл болды.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тәуелсіздігін  (КСРО) 1991 жылы 16 желтоқсанда алған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 2 наурызда тіркелді.

Түркияның осы елдегі алғашқы елшісі болып тағайындалған Өзпай Аргун Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 1992 ж. 21 сәуір күні сенім хатын тапсырды, сонымен бірге ол Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз дипломатиялық миссия өкілі болды.

Сол жылы Назарбаев өзінің Түркияға алғашқы ресми сапарын жасай отырып,  Қазақстан елшілігін ашты. Сол кездегі премьер-министр Сүлейман Демирел де 1992 жылы Қазақстанға ресми сапар ұйымдастырды.

Президенттік деңгейдегі алғашқы ресми сапар 1993 жылы болды. Сол кездегі Түркия президенті Тургут Өзал Орталық Азияда КСРО-дан тәуелсіздігін алған түркі республикаларында болып, Қазақстанда келіссөздер жүргізді.

 



Ұқсас жаңалықтар