Қазақстан және Қырғызстан президенттері кездесті

Екі ел арасында бірқатар келісімге қол қойылды.

1593426
Қазақстан және Қырғызстан президенттері кездесті

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Нұр-Сұлтан қаласында кездесті.

Тоқаев Садыр Жапаровтың Қазақстанға сапарының маңызы зор екенін атап өтті.

«Бұл Қазақстанға деген үлкен құрмет. Сапарыңыздың рөлі, мағынасы айырықша деп айтуға болады. Себебі бұл сапар екі еліміздің арасындағы қарым-қатынастарға үлкен серпін береді. Шын мәнінде сапарыңыздың бағдарламасы ауқымды. Сондықтан біз бүгін ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасамыз. Құдай қаласа, екі халықтың мүддесіне сай тиісті келісімдерге қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді президент.
Сөз кезегінде қырғыз басшы Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасында ынтымақ пен бауырластық орнап, ешқашан шешілмейтін мәселелер болмауы керек екенін айтты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды талқылады.



Ұқсас жаңалықтар