Қазақстан басшылары Ердоғанды құттықтады
Қазақстан елбасы Назарбаев президент Ердоғанға телефон шалды.
Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұсұлтан Назарбаев президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, туған күнімен құттықтады.
Елбасы Түркия президентіне мықты денсаулық, Түркия еліне бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ердоғанға құттықтау хатын жолдады. Тоқаев құттықтау хатында «Түркия сіздің ықпалды лидерлігіңіз және жүргізген теңгерімді саясатыңыз арқасында тұрақты өркендеуін жалғастыруда. Азаматтарының жағдайын жақсартып, аймақтағы және халықаралық аренадағы тұғырын нығайту мақсатында маңызды қадамдар басуда. Осы аяда жаңа бастама мен істеріңізді жүзеге асыру бағытында жұмысыңызға табыс тілеймін» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ильхам Әлиев пен Энтони Блинкен сөйлесті
Энтони Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында жасалған келісімді қолдайтындарын білдірді.