Түрік кеңесіне мүше елдердің Энергия министрлері бас қосады

Жиналыста мүше елдердің энергия саласында басатын біріккен қадамдары талқыланады.

1589086
Түрік кеңесіне мүше елдердің Энергия министрлері бас қосады

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Энергия министрлері энергетика саласында ынтымақтастық мақсатымен ертең бірінші рет бос қосады.

Кеңестің жазбаша хабарламасына қарағанда, Түрік кеңесі елдері экономика, сауда,  медицина, білім беру және туризм секілді салаларда жетілдірген ынтымақтастығына энергия саласын да қосады. Осы шеңберде Түрік кеңесі Энергия министрлері ертең бірінші рет онлайн форматта бас қосады.

Түрік кеңесі кезекті төрағасы Әзербайжан Энергия министрі Первиз Шахбазов пен Түрік кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев ашылу баяндамасын оқиды.  Жиналыста мүше елдердің энергия саласында басатын біріккен қадамдары талқыланады.

Жиналыста сонымен бірге Түркия Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез, Қазақстан Энергия министрі Нұрлан Ноғаев, Қырғызстан Энергия және индустрия министрі Кубанышбек Турдубаев, Өзбекстан Энергия министрі Алишер Сұлтанов пен Венгрия Инновация және технология министрлігі Энергия саясатына жауапты мемлекеттік министр Аттила Шнайнер сөз сөйлейді.



Ұқсас жаңалықтар