Қазақстан Үкіметінің отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері бағаланды

Қазақстанда премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен үкімет отырысы өтті.

1585202
Қазақстан Үкіметінің отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері бағаланды

 

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин экономиканың көптеген саласында өсім тіркелгенін мәлімдеді.

Кездесуде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қаңтар айындағы қорытындылары бағаланды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ағымдағы жылдың бірінші айында машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі салаларында экономика өскенін мәлімдеді. Оның айтуынша Қазақстан ОПЕК + келісімдері бойынша мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі Қазақстанның міндеттемелерін орындау арқылы қаңтарда 7 миллион тонна мұнай өндірді.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев елдегі орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жедел шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Иргалиев «Орталық және жергілікті атқарушы органдардан басқа ұлттық холдингтер шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту бойынша үйлесімді жұмыс жасауы керек» деді.

Оның мәлімдеуінше елдегі құрылыс жұмыстарының ең үлкен өсімі Түркістан мен Қызылорда облыстарында және Шымкентте байқалды.

Сондай-ақ 11 аймақтың аграрлық секторында оң динамика тіркелді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бүкіл ел бойынша ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына 300 миллиардтан астам теңге бөледі.

Кездесу соңында Премьер-министр министрліктер мен облыс әкімдеріне инвестицияларды тарту мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды.

 

TRT Нұр-Сұлтан



Ұқсас жаңалықтар