Түркия Ахыска түріктеріне жәрдем жолдады

Атамша Дурунов Түркиядан келген медициналық материалдардың Ковид-19 індетімен күресте өте маңызды екенін айтты.

1566165
Түркия Ахыска түріктеріне жәрдем жолдады

Түркия жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес үшін Қырғызстанда тұратын Ахыска түріктеріне медициналық материалдар жәрдемін жолдады. 

Сыртқы істер министрлігінің орталығы Стамбұлдағы Дүниежүзілік Ахыска түріктері одағының ұйымдастыруымен Ковид-19 індетімен күреске есе қосу мақсатымен Ахыска түріктеріне жолдаған жәрдем материалдары Бішкекке жетті.

Қырғызстандағы өкілетті елшіліктің хатшысы Йекта Камил Ноян 20 мың операция маскасы, 1200 N95 маска, 1500 қорғаушы киім, 7 қызуды өлшеу аспабы қатарлы көптеген мадициналық аспаптар мен дәрі-дәрмектен құралған жәрдем материалдарын Қырғызстан Ахыска түріктері қоғамына тапсырып берді.

Қырғызстан Ахыска түріктері қоғамының төрағасы Атамша Дурунов Түркиядан келген медициналық материалдардың Ковид-19 індетімен күресте өте маңызды екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар