Әзербайжаннан Еуропаға табиғи газ

Әзербайжан газы тарихта бірінші рет тікелей бір құбыр желісімен Еуропа нарығына жетті.

1555409
Әзербайжаннан Еуропаға табиғи газ

Әзербайжан газын Еуропа нарықтарына жеткізетін Транс Адриатика құбыр желісінде газ айдала бастады.

Әзербайжан газы тарихта бірінші рет тікелей бір құбыр желісімен Еуропа нарығына жетті.

ТАП Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі және Оңтүстік Кавказ құбыр желісімен бірге 40 миллиард долларлық құнымен Оңтүстік Газ коридоының Еуропа сатысын қалыптастырады.

Әзербайжанның Шахтеңіз 2 кен қойнауынан шығарылған газды Еуропаға жеткізу үшін салынған ТАП Түркия мен Грекия шекарасында ТАНАП-қа байланысқан еді.

ТАП төрт жарым жылдық құрылыстан кейін 13 қазан күні аяқталды.

ТАП-тың Грекия, Албания және Адриатика теңізінен өтіп, Италияға жылына 10 миллиард текшеметр газ тасымалдауы жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар