Қырғызстан жауапкершіліктеріне берік болады

Жапаров елдегі өкілетті елшілер,  халықаралық мекеме мен ұйым өкілдері және құрметті консулдармен бас қосты.

1527310
Қырғызстан жауапкершіліктеріне берік болады

Қырғызстанда президенттік өкілеттеріне ие премьер-министр Садыр Жапаров елдің сыртқы саясатында сәйкестік принцибі және бұдан бұрын келісілген келісімдер шеңберінде барлық халықаралық жауапкершіліктердің орындалатынын білдірді.

Президенттік баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, Жапаров елдегі өкілетті елшілер,  халықаралық мекеме мен ұйым өкілдері және құрметті консулдармен бас қосты.

Жапаров осында сөйлеген сөзінде Қырғызстанның әрқашан шетелдік серіктермен болғаны секілді халықаралық және аймақтық ұйымдармен де достық қатынастарды арттыруға көңіл бөлгенін айтты.  Ол «Елдің сыртқы саясатында сәйкестік принцибі және бұдан бұрын қол қойылған келісім-шарттар шеңберінде халықаралық жауапкершіліктердің барлығы орындалады» деді.

Жапаров елде биліктің өзгеруіне себеп болған 5 қазан оқиғаларына да тоқталып: «Қырғызстанда 5 қазан күні болған оқиғалар әділетсіз сайлаудың нәтижесі болатын.  Бүгін елімізде жағдай тұрақтанды.  Саяси процес заңды қалыпта атқарылады» деді. Ол елдің одақтастар және стратегиялық серіктермен ынтымақтастықты нығайту ынтасының жалғасатынын атап көрсетті.  Басты міндеттері арасында әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуі, инвесторлардың сеніміне қайта ие болу және мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізу бар екенін баса айтты.

Мәжіліске сайлана алмаған партиялардың наразылық акциялары күш қолдануға айналғаннан кейін түрмеден құтқарылған Садыр Жапаров сол күні уақытша премьер-министр болып жарияланған еді. Артынан Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткеннен кейін президенттің өкілеттіктерін де өз мойнына алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар