Армян армиясы Келбежерді тастап шықты
Шушада да 28 жылдан кейін азан оқылды.
Армения армиясы Әзербайжанның Келбежер ауданынан кетті.
Армения Әзербайжан және Ресеймен Таулы Қарабахта 44 күн жалғасқан қақтығыстан кейін қол қойылған келісімге сай Келбежерді тастап шықты.
Келісімдегі алтыншы бап шеңберінде Арменияға Келбежерде 15 қараша, Лачында 1 желтоқсан күніне дейін мерзім берілген еді.
Сонымен қатар Әзербайжан армиясы азат еткен Таулы Қарабахтың символикалық қаласы Шушада 28 жылдан кейін азан оқылды. Шушадағы Жоғары Гөвдер Ага мешітінің мұнарасына шыққан Әзербайжан әскері азан оқыды.
Өте маңызды стратегиялық тұғыры бар Шуша қаласы 1992 жылдың 8 мамыр күні басып алынған болатын.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шушаның 8 қараша күні азат етілген хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.