PKK-лық террористерге Әзербайжан әскери формасы кигізілген

Армения PKK-лық террористтерге Әзербайжан әскери формасын кигізгені  анықталды.

1515888
PKK-лық террористерге Әзербайжан әскери формасы кигізілген

Арменияның Таулы Қарабахқа Сирия мен Ирактан әкелінген PKK-лық террористтерге Әзербайжан әскери формасын кигізгені  анықталды.

Барлау ақпараттық көздеріне қарағанда Армения террористік топтарды Таулы Қарабахтың Шуша қаласына қоныстандырды.

Аталмыш PKK-лық террористтерге Әзербайжан әскери формасының кигізілгеніне назар аударған ақпарат көздері армяндардың осылайша нағыз Әзербайжан әскерін жаңылыстыруды мақсат еткенін ортаға қойды. Оған қоса террористтер өлтірілген жағдайда Әзербайжан армиясы құрамында Сириядан әкелінген шетелдік жауынгерлер екені алға тартылмақ.

Әзербайжан вице-президенті Хикмет Хаджиев Арменияның Таулы Қарабахта бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық террористерді ең алдынғы сапта қолданғанын тілге тиек еткен еді.

Әзербайжан армиясының топырақтарын азат ету үшін бастаған операция барысында тұтқындалған Армения әскері Альберт Микаэлян PKK-лық террористердің Таулы Қарабахта Армения сабында соғысқанын мойындаған және бұл террористтерге 600 доллар ақша төленгенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар