Қырғызстанда экономикалық кешірім жарияланды

Қырғызстан бюджетінің биыл 600 миллион доллар шығынға ұшыраруы күтілуде.

1513522
Қырғызстанда экономикалық кешірім жарияланды

Қырғызстанда саяси әкімшілікті иелеген премьер-министр Садыр Жапаров елдегі экономикалық құлдырауды тосу мақсатымен экономикалық қылмыстарға байланысты кешірім жариялады. 

Премьер-министрлік ресми ақпарат желісінен жасалған мәлімдемеде соңғы 30 жылда энергия, салық, дәрі, білім беру, жер асты байлықтары мен басқа да экономикалық және мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қызметкерлері, мемлекеттік басшылар мен қызметкерлер, ортақтар мен салық ұрлаған жекеменшік компания иелерінің экономикалық кешірінен тек 30 күн ішінде пайдалатынына назар аударылды. 

Экономикалық кешірім шешіміне байланысты заң жолын ашудың жақында дайындалатыны, баяндалған мал-мүлік пен кіріске тиіспеуге кепілдік етілетіні, ерікті мал-мүлік баяндаушылардың сырына құрмет көрсетілетіні және барлық жазадан құтылатыны атап айтылды.

Елде 4 қазандағы сайлаудан кейінгі протест ереуілшілері түрмеден босатқан Жапаров ел билігін қолға алған болатын.

Жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетімен күрес, сайлау және ереуілдер ел экономикасын зақымдаған Қырғызстан бюджетінің биыл 600 миллион доллар шығынға ұшыраруы күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар