Әзербайжан Армения әскери ұшағын құлатты

Соғыс ұшағының Таулы Қарбахтың оңтүстігіндегі Джебраиль өңірінде құлатылғаны жарияланды.

1510895
Әзербайжан Армения әскери ұшағын құлатты

Әзербайжан Арменияға қарасты SU-25 әскери ұшағын құлатты.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тарапынан жарияланған мәлімдемеде Арменияға қарасты бір SU-25 әскери ұшағы бүгін жергілікті сағат 11.11 мөлшерінде Әзербайжан әуе қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылды.

Ұшақтың Әзербайжан армиясына қарсы шабуыл жасауға дайындалғаны білдірілді. 

Соғыс ұшағының Таулы Қарбахтың оңтүстігіндегі Джебраиль өңірінде құлатылғаны жарияланды.

Әзербайжан армиясы бүгін аймаққа қарай ілгерлеп, Фузули қаласын және төңірегіндегі 7 ауылды басқаруға алды.  



Ұқсас жаңалықтар