Әлиев: Түркия бізге моральдық қолдау көрсетеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Россия-24» мемлекеттік арнасына сұхбат берді.

1499690
Әлиев: Түркия бізге моральдық қолдау көрсетеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабахтағы қақтығысқа тарап болмаған Түркияның өздеріне тек қана моральдық қолдау көрсеткенін білдірді.

Ресейдің «Россия-24» мемлекеттік арнасына сұхбат берген Әлиев Арменияның Әзербайжанға бағытталған шабуылдары салдарынан Таулы Қарабахтағы шиеленістің күрделенуі жайлы мәлімдеме жасады.

Арменияның шабуылдарында Әзербайжан әскері мен бейбіт тұрғындардың өлтірілгеніне назар аударған Әлиев «Біз өз халқымыз бен жерімізді қорғау үшін шабуылдаушы елге қарсы қажетті жауапты қайтаруға мәжбүр қалдық» деді.

Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабахтағы қақтығысқа Түркияның тарап болмағанын атап «Түркияның рөлі аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталады. Түркия бауырымыз және одақтасымыз. Қақтығыстар басталған соң Түркия президенті және басқа да басшылар Әзербайжан мен халықаралық заңдарға моральдық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Өйткені Армения Әзербайжан аумағына басып кіру арқылы халықаралық құқықты бұзды» деді.



Ұқсас жаңалықтар