Президент Әлиев БҰҰ Бас хатшысы Гутеррешпен сөйлесті

Әлиев БҰҰ Бас хатшысынан Таулы Қарабах мәселесінің БҰҰ қарарлары негізінде шешілуін талап етті.

1499466
Президент Әлиев БҰҰ Бас хатшысы Гутеррешпен сөйлесті

Әзербайжан президенті Әлиев Таулы Қарабах мәселесінің Армения армиясының басқыншылық астындағы топырақтардан дереу шегінуін талап еткен тиісті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде шешу керектігін атап көрсетті.

Әлиев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телеконференция арқылы сөйлесті. Әзербайжан президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Гутеррешке Арменияның Әзербайжанға жасаған шабуылымен байланысты ақпарат бөлісті.

Әлиев шабуылдарда әскер мен бейбіт адам шығындары болғанын түсіндіріп, Әзербайжанның қорғаныс мақсатты қарсы шабуыл бастағанын атап көрсетті.

Армения әкімшілігінің келіссөз кезеңін саналы түрде бұзғанын, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның «Таулы Қарабах Арменияның жері» деген мәлімдемесінің кезеңге маңызды зиян келтіргенін атап көрсеткен Әлиев «Таулы Қарабах мәселесі тек қана халықаралық заңдар аясында және Әзербайжанның шекара тұтастығы негізінде Армения армиясының топырағынан дереу алғы шартсыз және толығымен шегінуін талап еткен тиісті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларымен шешілу керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар