Майдан желісінде қақтығыс түні бойы жалғасты

Фузули қаласын азат ету үшін басталған операция жалғасуда.

1499095
Майдан желісінде қақтығыс түні бойы жалғасты

Армения мен Әзербайжан майдан желісінде түні бойы қақтығыстар жалғасты.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап,  Армения күштерінің Фузули-Жебраил және Агдере-Тертер бағытында айрылып қалған бекіністерін кері алу үшін шабуыл жасауға тырысқанын білдірді.

Хабарламада Әзербайжан армиясының осы аймақтардағы жасақтарының армян күштерінің шабуылына тойтарыс бергені айтылды.

Сонымен қатар түнгі қақтығыс барысында армяндардың сауытты көліктер канвойы мен оларға қолдау берген зеңбірек артиллериясы Әзербайжан Әуе күштері тарапынан жойылды.

Фузули-Жебраил бағытында да таңға жақын Арменияның бір танкы мен бір көлігі жойылды,  шамамен он әскері залалсыздандырылды. Армения күштері ауыр шығын беріп,  кері шегінді.

Қазір Фузули қаласының Армения күштерінен азат етілуі үшін басталған операция жалғасуда.  Таңертең армяндардың төрт танкы жойылды.



Ұқсас жаңалықтар