Түрік Кеңесі БҰҰ қарарларын еске салды

Әміреев Таулы Қарабах қақтығыстарына орай жазбаша мәлімдеме жариялады.

1498827
Түрік Кеңесі БҰҰ қарарларын еске салды

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев БҰҰ қарарларының Арменияны өзі басып алған Әзербайжан жерлерінен дереу, шартсыз және толығымен кетуге шақырғанын еске салды.

Әміреев Таулы Қарабах қақтығыстарына орай жазбаша мәлімдеме жариялады. Ол «Түрік Кеңесі Армения мен Әзербайжан келіспеушілігінің Әзербайжанның егемендігі,  территория тұтастығы және халықаралық аренада қабылданған шекараларға қол сұғылмаушылық негізінде тез арада шешілуін қалайды» деп көрсетті.

Қақтығыстар барысындағы жан шығыны үшін Әзербайжан халқына көңіл айтқан бас хатшы: «Түрік Кеңесі 1993 жылы қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларының Армения қарулы күштерін Әзербайжанның басып алынған барлық жерінен дереу, шартсыз және толық кетуге шақырғанын еске салады» деді.



Ұқсас жаңалықтар